Сиқырлы әлем (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

2013 жылғы 4 мамырда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта Лариса Куимованың авторлық туындыларның «Сиқырлы әлем» атты көрмесі өтті.

Сипаттамасы

Көрмеге мүсіндік-текстиль техникасында орындалған 49 қуыршақ ұсынылған. Еркін үлгілеу техникасы қуыршаққа қажетті ым-ишарат, дене қимылын жасатуға ыңғайлы. Қуыршақтарды әзірлеуге капрон, мата, синтепон, шарнирлі қаңқа сияқты материалдар пайдаланылған. Әрбір қуыршаққа өзіне ғана тән мінез-құлық беріліп, киім кигізілген.

Л.П. Куимова 1975 жылы 8 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Мариногор селосында дүниеге келді. 1997 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің психология-педагогика факультетін бітірді.

2012 жылдың қыркүйек айында Л.Куимова «Brother» компаниясының қолдауымен «Күзгі марафон» конкурсына қатысып, белсенді қатысқаны және шеберлігі үшін сертификатқа ие болды. Шығыс Қазақстан облысының білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында технология мұғалімдері үшін шұлық-мүсін техникасында капроннан қуыршақ жасау бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді.

Л.Куимованың қуыршақ жасаудағы басты мақсаты – адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатар шығармашылық шабыт шыңына қол жеткізу. Заманауи авторлық қуыршақ жеке коллекцияны толықтыру көзіне айналса, әрі таптырмас сыйлық болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА