Серік Қожамқұлұлы Пірназар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Қожамқұлұлы Пірназар (1.1.1954 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Ворошилов ауылы) – журналист, саясаткер. ҚазМУ-ды (ҚазҰУ, 1979), Алматы жоғары партия мектебін (1990) бітірген. 1979 – 80 жылдары «Өнер» баспасының редакторы, 1980 – 82 жылдары Жамбыл облысы Красногор ауданы. «Коммунизм жолы – Путь к коммунизму» газетінің бөлім меңгерушісі, 1982 – 84 жылдары Шиелі ауданы «Өскен өңір» газетінің жауапты хатшысы, 1985 – 88 жылдары редактордың орынбасары, 1990 – 91 жылдары Қызылорда облысы партия комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы, 1991 – 96 жылдары облыстық «Ленин жолы» (Сыр бойы) газеті бас редакторының орынбасары, 1-орынбасары, 1996 – 98 ж. облыстық телерадиокомпанияның төрағасы, 1998 – 2000 жылдары облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2000 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі. «Көлеңке» атты пародиялар жинағы жарық көрген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше медальмен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Серік Қожамқұлұлы Пірназар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}