Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов 1949 жылы 2 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданының Шілік ауылында туған. Қазақ.

  • Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген (Шымкент қ., 1971), инженер-құрылысшы-технолог. Техника ғылымдарының кандидаты (1988), докторы (1998). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатының негізіндегі модификацияланған майда ұнтақталған көп құрамдағы тұтқыр заттардың технологиясы». Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі-корреспонденті (1995). СРЕ Академиялық кеңесінің және Сократ атындағы Номинациялық комитеттің (Оксфорд қ., Ұлыбритания, 2009) мойындауы бойынша Вена қаласының Халықаралық университетінің құрметті профессоры. Халықаралықғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының белсенді мүшесі (Калифорния, АҚШ, 1997).
  • 1964 жылдың наурызынан - Шымкент облысы Қызылқұм аудануны «Шелек» кеңшарының тракторшысы. 1966 жылдың тамызынан - Қазақ химия-технология институтының студенті. 1971 жылдың тамызынан - ҚазКСР Ауыр құрылыс министрлігі «Шымкентөнеркәсіпқұрылыс» тресінің шебері, цех бастығы, бас инженері, құрылыс материалдары комбинатының директоры. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Компартиясы Шымкент қалалық комитетінің хатшысы. 1991 жылдан - «Қазконтракт» АҚ вице-президенті; ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау Оңтүстік Қазақстан бас аумақтық басқармасының бастығы. 1999 жылдан - «Оңтүстік» ЖАҚ президенті. 2003 жылдың наурызынан бері - «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті.
  • «Құрмет белгісі» орденімен; «Білім беру саласының маценаты-2008», «Аптын Жүрек» (2008) алтын мндальдарымен; «ҚР Жер қойнауын барлау үздігі» (2006), «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы» (2008) «Біріккен Еуропа» беделді халықаралық марапатымен «Парыз» алтын мүсіншесімен (ҚР Президенті тағайындаған 2008), «Қамқорлық» мүсіншесімен (ОҚО әкімі белгілеген 2008) марапатталған; ҚР Президентінің Алғыс хатымен аталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Еуропа бизнес ассамблеясының мойындауы бойынша «Жыл менеджері (Оксфорд қ., Ұлыбритания, 2009). Қазақстан Компартиясы Шымкент қалалық комитетінің шысы, Шымкент қалалық және Еңбекші аудандық халық депутаттары кеңестерінің депутаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1994, 2008) болып сайланған. «Отан» партиясы бірінші съезінің делегаты (Алматы қ.).
  • Әскери атағы - капитан. Діни көзқарасы - барлық діни конфессияларға бірдей қатынаста. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылады». Хоббиі - бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Сейітжанова Қаншайым Құдайбергенқызы, үй шаруасымен айналысады. 4 баласы бар <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}