Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев (27.5.1956, Алматы облысы Іле ауданы Жаңаарқа ауылы) – қызметкер. 1980 жыл ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ-дың механика-математика факултетін (1980), Қазақ мемлекеттік Басқару Академиясының экономикалық жоспарлау факултетін (1994) бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Талғар қаласындағы СПТУ-20 училищесінде өндірістік оқыту бөлімінің шебері болып бастады.

1982 – 85 жылдары Алматы қаласы, обыстық комсомол комитетінің жастар ісі секторының жетекшісі, 1985 – 86 жылдары Қазақстан ЛКСМ ОК-нің жауапты ұйымдастырушысы, 1986 – 89 жылдары Қазақстан ЛКСМ ОК-нің жастарға білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1992 – 93 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 1-орынбасары, 1993 – 94 жылдары Совет ауданы әкімі, 1994 – 96 жылдары өнеркәсіптік-қаржылық «Глоба-Казахстан» корпорациясының президенті болды. 1996 – 99 жылдары Қызылорда облысы әкімінің 1-орынбасары, 1999 – 2004 жылдары облыс әкімі, 2004 – 05 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласындағы арнайы өкілі.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}