Сержан Ысқақұлы Шәкіратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сержан Ысқақұлы Шәкіратов (1939 жыл, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе) – күйші, журналист, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері (1995).

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1961).
  • Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газеті редакциясында (1961 – 65)
  • «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігі жүйесінде (1965 – 2003) қызмет атқарды.

Еңбектері

  • Шәкіратов ұмытуға айналған аңыз, айтыс күйлерді қайта жаңғыртып тартуға мол еңбек сіңірді. Төкпе күйлердің шебер орындаушысы, Маңғыстау күй дәстүрінің көрнекті өкілі.
  • «Ақжарма» ансамблінің жеке күйшісі.
  • «Маңғыстау күйлері» атты күйтабағы (1980)
  • үнтаспасының (2000);
  • сонымен қатар «Күте тұрыңыз» (2004)
  • «Маңғыстау күлкілері» (2007) әзіл-оспақтар жинағының авторы.

Жетістіктері

  • Қазақ мемлекеттік ұлттық консерваториясының құрметті профессоры (1999).
  • Шәкіратов гастрольдік сапармен Түркияда (1992), Францияда (1999), Италияда (2000), Швейцарияда (2001), Бельгияда (2001), Испанияда (2001), АҚШ-та (2002) болып, өнер көрсеткен.
  • 2-халықаралық фольклор фестивалінің (1990, Киев қаласы) дипломанты.
  • Халықаралық және республикалық байқау, фестивальдарының лауреаты.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}