Сердеш Қажымұратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сердеш Қажымұратов (19 наурыз 1950 жылы туған, Казталов ауданы, Әжібай а.) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1986).


  • 25 жыл бойы Қарағанды облыстық драма театрының актері болып еңбек етті. Ол Әлібек, Жапал, (М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» мен «Еңлік-Кебегінде»), Шоқан (С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»), Қодар, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сүлуы» мен «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Бақыт, Алтынбек (С.Жүнісовтің «Тырау-тырау тырналары» мен «Қысылғаннан қыз болдығында»), Нияз (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Жангелдин (М.Д.Симашконың «Төтенше комиссарында»), т.б. рөлдерді ойнаған.
  • 10-нан аса киноға түсті, әсіресе 1986 ж. «Күзет бастығы» фильмінде Құрымбайдың рөлін жұртшылық талғамынан шығарлықтай шынайылықпен шебер сомдай білді. Сол жылы С.Жүнісовтың «Өліара» спектаклінде Жақай Тайшиевтің рөлін орындағаны үшін оған Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}