Серго Дүтбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серго Дүтбаев - (1937 жылы, Атырау облысында туған). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1959). 1959-1964 жылдары — Таңатар мұнай өндіру бөлімшесінде оператор, екінші қайтара мұнай өндіру цехының шебері, мұнай өндіру шебері, аға бұрғылау инженері. 1964-1970 жылдары — Қарсақ мұнай кәсіпшілігінде ұңғыларды күрделі жөндеу цехының бастығы, аға инженер, Байшонас мұнай кәсіпшілігінің меңгеруші. 1970-1974 жылдары — «Мақатмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының Орталық инженер-технология қызметінде бастық, «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында, «Кенқияқ» мұнай-газ өндіру басқармасында бас инженер. 1974-1984 жылдары — «Доссормұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында, «Ембімұнай» өндіріс бірлестігінің техника бөлімінде бастық. 1984-1986 жылдары — «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы. 1986-1995 жылдары — «мұнайгаз» өндірістік бірлестігінде серіктестік бастығы, кейіннен «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамының мұнай өндіру жөніндегі өндіріс-техника бөлімінің бастығы. 1995-2004 жылдары — «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының техника бөлімінің бастығы. 2004 жылдан «мұнайшың қоғамдық қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан - зейнеткер. «Еңбектегі ерлігі үшін» т.б. медальдармен марапатталған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}