Сергей Игоревич Апарин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Сергей Игоревич Апарин.PNG
Сергей Игоревич Апарин

Сергей Игоревич Апарин - 1971 жылы 16 наурызда Алматы қаласында туған. Орыс.

Әкесі - Апарин Игорь Сергеевич, ӘӘК офицері, зауытта фрезерлеуші болып жұмыс істеген. Анасы - Головня Тамара Александровна, зейнеткер, биолог болып Жұмыс істеген.

  • Львов жоғары әскери-саяси училищесінде оқыған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша; FOJO Швеция мемлекеттік университетінің біліктілікті жетілдіру курсын бітірген.
  • ҚР Журналтистика академиясының толық мүшесі-академигі.
  • Қылмыс, заң, этнографиялық тақырыптарынан бастап саяси-экономикалыққа дейінгі әрқилы тақырыптардағы көптеген мақалалардың авторы. Экономика және құқық саласындағы аналитикалық мақалалар маманы.
  • Орыс, украин және неміс тілдерін біледі.
  • 1986 жылдан - ОМ оқумен қатарлас, Қазақ радиосында балалар мен жастар редакцияларында тілші, диктор. 1987 жылдан - ОМ оқумен қатарлас, «Мы» газетінің («Дружные ребята» газетінің қосымшасы) редакторы.
  • 1989 жылдан - «Горизонт» газетінде репортер, бөлім меңгерушісі. 1994 жылдан - «Юридическая газета» және «Ваше право» газеттерінің фототілшісі , жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан - «НТК» телеарнасы алдын ала құлақтандырулар бөлімінің редакторы және режиссері. 1998 жылдан - «Ковчег» газетінің жауапты хатшысы. 1999 жылдан - «Московский комсомолец» газетінің шолушысы; «Новое поколение» газетінің шолушысы, редактордың орынбасары.
  • 2003 жылдан бері - «Новое поколение» апталығының бас редакторы. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ оқытушысы болған, ҚР азаматтық және әскери ЖОО, РФ азаматтық ЖОО лекциялар оқыған.
  • «Гринпис» қоғамының (1992 жылдан), Қазақстан коллекционерлері клубының, РФ коллекционерлері мүшесі. ІТF Таэквондо федерациясының Құрметті мүшесі.

Әр түрлі спорттық медальдармен, грамоталармен марапатталған. Стамбул қаласының Құрметті азаматы.

  • Әскери атағы - запастағы лейтенант.
  • Діни көзқарасы - дінге сенеді.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - С. Альенде Госсенс, А.Б. Ваджпаи.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қандай кезеңге болжамданатынына байланысты. Таяу 10 жылдың ішінде төмендегідей жетістіктер болуы мүмкін: демократиялық зиялы мемлекет, экономикалық, мәдени және саяси тұрғыдан Орта Азиядағы көшбасшы мемлекет, аймақтық білім орталығы болады. Орта Азияның білім беру орталығы».
  • Хоббиі - шаңғы, аңшылық, балық аулау, өзендерде қайықпен жүзу, аквалангпен сүңгу, масштабты модельдеу, көркем фотосурет, 1905-1956 жылдары тарихын зерттеу, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс заттары мен құжаттарын жинау. ҰОС мұражайын ұстайды.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті-жасөспірім кезінде Г.Г. Маркестің, К. Кастанеданың, Дж. Лондонның; жастық шағында Ф. Ницше, М.А. Булгаков, В.О. Пелевин, Ф.М. Достоевский, А. Камю, Сократ және басқа софисттер, Л. Сенека. Қазіргі заманғы сүйікті авторын айтуға қиналады.
  • Үйленген. Жұбайы - Ақмаева Марина, «КТК» АҚ құқықтық бағдарламалар бөлімінің редакторы. Ұлдары - Дмитрий, Игорь.

Дереккөздер

<references/>