Сергей Иванович Вавилов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Иванович Вавилов [12(24).3.1891, Ресей, Мәскеу — 25.1.1951, сонда] — ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының академигі (1932), Қазақстан Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1946).

  • Н.И. Вавиловтың інісі.
  • Мәскеу университетін бітірген (1914).
  • 1914 — 18 ж. әскери қызметте болды.
  • 1918 — 32 ж. Мәскеу университетінде сабақ берді (1929 жылдан сонда проф.)
  • 1918 — 30 ж. КСРО Денсаулық сақтау халкомының Физика және биофизика институтында физикалық оптика бөлімінің меңгерушісі,
  • 1932 жылдан КСРО Ғылым Академиясының Физика институтының директоры,
  • 1932 — 45 ж. Мемлекет оптика институтының ғыл. жетекшісі болды.
  • 1945 — 51 ж. КСРО Ғылым Академиясының президенті әрі одақтас республикалар Ғылым Академиясының (оның ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының да) жұмысын үйлестіру кеңесінің төрағасы болды. Негізгі ғылыми еңбектері физикалық оптика мәселелеріне, әсіресе, люминесценция табиғатын зерттеуге, сондай-ақ, жаратылыстану ғылымының философиясына және ғылым тарихына арналған.
  • 1934 ж. Вавиловтың тікелей басшылық етуімен П.А. Черенков радиоактивті заттардың және -сәулелерінің әсерінен болатын таза сұйықтардың жарқырауын (Черенков-Вавилов сәуле шығаруы) ашты.
  • Бүкілодақтық “Білім” қоғамының тұңғыш төрағасы (1947—51),
  • Үлкен кеңес энциклопедиясы 2-басылымының Бас редакторы (1949 — 51).
  • КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1946 жылдан) болды. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1943, 1946, 1951 — қайтыс болғаннан кейін).
  • 2 рет Ленин орденімен, т.б. орден және медальдермен марапатталған.<ref name = "source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том</ref>

Пайдаланылған әдебиет

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сергей Иванович Вавилов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}