Сергей Венедиктович Сартаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сартаков Сергей Венедиктович (26.3.1908 ж.т., Омбы)- орыс кеңес жазушысы.

Өмірі

1951 жылдан КПСС мүшесі Теміржолшы семьясында туған. Жас кезінде Саян өңірінде аңшылық, орманшы кәсібімен айналысты. Сартаков бірнеше рет РСФСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. КСРО Жазушылар Одағы басқармасының секретары. (1967 жылдан ).

Еңбектері

Шығармасы 1934 жылдан жарық көрді. «Алексей Худогонов» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1945 ж. шықты. «Чунск бойымен» (1946) ,« Сал терістікке беттеп ағады» (1949), повестерін ,«Өзен үстіндегі ән » пьесасын (1947), « Терезе алдындағы бақ» (1959) әңгімелер кітабын т.б. шығармаларын жариялады. Сартаковтың кесек туындысы- «Саян жорталары» (1-3 кітап., 1940-1945) атты тарихи-революциялық роман. «Тас ірге» (1950), «Тау желі» (1957), «Мұз қазына» (1961) т.б. роман, повестері шықты. Екі кітаптан тұратын «Философия тасы» романын (1966) жариялады. «Алғашқы кездесу» әңгімелер жинағында (1967) В.И.Ленин жыне оның серіктерінің революциялық ісін суреттеді.

Сыйлықтары

Сартаков «Барвин повестері» үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1970) алды.

Қолданылған әдебиет

    • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 34 бет