Сенек қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сенек қорымы — дәстүрлі сәулет өнері ескерткіштері.

Тарихы

19 — 20 ғасырларда салынған.

Орналасуы

Сенек қорымы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылынан шығысқа қарай Хорезмге баратын ескі керуен жолының бойына орналасқан.

Қорым құрылысы

Екі қорымнан тұрады. Біріншісіне (ауданы 1,5 га) 3 күмбезді гөрхана, 31 сағанатам және бір-бірден құлпытас пен көктас, екіншісіне (ауданы 1 га) 2 күмбезді гөрхана 20-ға жуық сағанатам мен құлпытас кіреді. Бұл ескерткіштер ішінен 1900 жылы белгілі шеберлер Дүтбай Жандәулетұлы мен Нұрнияз Ізбасарұлы тұрғызған Нұрберген Қалышұлының гөрханасы ерекше көзге түседі. Гөрхананың құрылымы шаршы пішінді (5,0*5,5 м) тұғыр мен цилиндр мойындыққа орнатылған шатырлы күмбездің өзара үйлесуіне негізделген. Оңтүстік-батыс жағындағы басты кіреберіс қасбетінің жақтауы шығыңқы келген, есіктің жоғ. жағы дөңгелек тұмаршамен өрнектелген, ал кіреберіс ойығы жазық пештақпен көмкерілген. Алдыңғы бетінің және ішкі қабырғаларының оюлары көгеріс өрнек (гүлдер, желектер, гүл түйнектері), зооморфтық (түйетабан, қос мүйіз, сыңар мүйіз), геом. (дөңгелектер, үшбұрыштар, шаршы торлар) және космогон. (ирек өрнек) нақыштарға құрылған. Екінші қорымдағы 1785 жылы тұрғызылған Бекқұл Жантөриннің гөрханасы — жатаған шағын құрылыс әрі Сенек қорымының архитектура негізі болып табылады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref><ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998</ref><ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000</ref><ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001</ref><ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref><ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref><ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006</ref><ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006</ref><ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006</ref><ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}