Сейітқұл Қойдағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейітқұл Қойдағұлов (т.-ө.ж.б.) – батыр, елші. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 ж. Ресей императоры Анна Иоановнаға Құлымбет Көштайұлы бимен бірге жіберген елшілік басшысының бірі.


1730 ж. қыркүйекте Уфа арқылы Санкт-Петербургке келген қазақ елшілері Анна Иоановнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, Ресей бодандығына қабылдауын сұраған Әбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. Бұл хатта Әбілқайыр: «Аса құрметті падиша, Мен, Кіші жүз қазақтарылың ханы Әбілқайыр, өзімнің қол астымдағы бүкіл жұртыммен Сіздің императорлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді. Ресей мемлекетіне әрдайым адал боламыз...»—деп жазған.

Қойдағұлов бастаған елшілік Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылу процесі барысында, сонымен қатар қазақ-орыс қарым-қатынастарының нығаюында айтарлықтап роль атқарды. <ref>Қазақ кеңес энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}