Сейдолла Бәйтереков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Сейдулла Бәйтереков (10 мамыр 1945 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы - 1998 жылы, Алматы) – қазақстандық әйгілі композитор, музыкант. Қазақстанға Еңбегі сіңген өнер қайраткері.

Толығырақ

Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1977 - 1992 жылдары С. Бәйтереков Алматы мемлекеттік консерваториясының ұстазы, “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Алматы қалалық музыкалық ансамбльдер бірлестігінің директоры көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1990 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін “Саз” дыбыстық жазба Мемлекеттік студиясының директоры болып қызмет атқарды. С.Бәйтереков кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға музыка жазды. Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алды. Оның “Әлия”, “Күнге табыну”, “Дос туралы жыр”, “Түркістан” әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды.

«Әлия»- Әні С. БӘйтерековтікі, сөзі Б. ТӘжібаевтікі орынд. Р Рымбаева.

Мемлекеттік марапаттары