Сақтаған Есмаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЕСМАХАНОВ Сақтаған (18.1. 1929 жылы туған, Сырдария ауданы Ақжарма ауылы) – журналист. Қызылорда педагогикалық училищесін (1950), Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1957). 1957 – 1959 ж. Тереңөзек ауданы (Сырдария) Жаңаөріс орталау мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, аудан «Еңбек майданы» газетінде жауапты хатшы, облыстық радио комитетінде қызметтер атқарған. 1966 – 1967 ж. облыстық «Ленин жолы» газетінде жауапты хатшы, «Сырдария» газетінде нұсқаушы, 1989 жылы Н.Бекежанов атындағы театрда әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 2000 – 2006 ж. облыстық «Нұр» газетінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. «Үміт», «Алтын бөлек», «Шындық шуағы», «Ильич атындағы совхозда», «Театрға 40 жыл» атты кітаптардың авторы. Есмаханов 2 мәрте облыстық кеңестің, облыстық партия комитетінің, республика Халықтық бақылау комитетінің мақтау грамоталарымен, медальдарымен марапатталған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сақтаған Есмаханов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}