Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sagadat Nurmagambetov.jpg
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

Өмірбаяны

  • 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді.
  • 1950-1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары.
  • 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы
  • 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.
  • 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.
  • 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған.
  • Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы.
  • Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/>