Саяси қатысу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси қатысу - жеке азаматтармен, топтармен мемлекеттік немесе қоғамдық саясатқа, мемлекеттік істерді басқаруға я болмаса саяси басшылықты, саяси биліктің барлық деңгейіндегі жетекшілерді таңдауға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер. Саяси қатысу - қатардағы азаматтардың талап-тілектерін, мүдделерін жүзеге асыратын тәсілдер.

Саясатқа қатысудың ең кең тараған анықтамасын американдық саясаттанушы Дж.Нагель енгізді. Оның пікірінше, саясатқа қатысу - бұл кез келген саяси жүйенің қатардағы мүшелерінің оның қызметінің нәтижесіне ықпал етуі немесе ықпал етуге тырысатын іс-әрекеттері. Бұл анықтамада саяси қатысу білім, наным сияқты пассивті құрамдас бөліктері негізінде емес, керісінше, белсенді қызмет аспектісі, саяси үрдіске қатысуы ретінде қарастырылған. Нақты нәтиже беретін жеке түлғаның белсенді қатысуы айтылады. Сонымен, саяси қатысу тек бақылап, бағдарлауды емес, белсенді іс-әрекетті білдіреді.

Саяси қатысу туралы сөз қозғағанда С.Верба мен Н.Ни анықтамасын айта кеткен жөн. Олардың пікірінше, "Қатысу - бұл бірінші кезекте құрал ретіндегі белсенділік, себебі оның көмегімен азаматтар үкіметке өздеріне қажет деген шешімдерді қабылдатуға тырысады".

Саяси қатысу түрлері

Саяси қатысуды ағылшын зерттеушісі А. Марш ортодоксалдық және ортодоксалдық емес деп жіктеуді ұсынады. Ол саяси қатысудың ортодоксалдық түріне саяси жүйенің тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз ететін занды іс-әрекеттер мен талаптарды жатқызады. Ал заңсыз немесе саяси жүйеге қарсы бағытталған іс-әрекеттер саяси қатысудың ортодоксалдық емес түрі.

Американдық зерттеуші У.Милбрайт көзқарасы да осы ұстанымға жақын. Ол саяси қатысуды конвенционалдық және конвенционалдық емес деп бөледі. Конвенционалдық саяси қатысуға ашық және заңмен реттелетін дауыс беру, саяси партиядағы қызмет, сайлау науқандарына қатысуды жатқызады. Ал екінші түріне көтерілістер, әділетсіз заңға бағынудан бас тарту, қарсылық шерулеріне қатысу тән.

Ресейлік зерттеушілер арасында аталмыш мәселе төңірегінде үш бағыт қалыптасқан. Бірінші - дәстүрлі нормативтік ұстаным. Бұл бағыттағы зерттеушілер саяси қатысуды занды және заңсыз түрлерге бөледі, яғни батыстық зерттеушілердің жіктеуімен бірдей.

Екінші дәстүр тарихи түрғыдан жіктеуді үсынады. Зерттеуші Ю.Левада дәстүрлі және дәстүрлі емес саяси қатысу түрлерін көрсетеді. Дәстүрлі саяси қатысуға кеңес дәуірінде кең тараған үйреншікті жиналыстарда сөз сөйлеу, газетке мәлімдеме жасау сияқты іс-әрекеттерді жатқызады. Демократияландыру жағдайында пайда болған шеруге қатысу, митингілерде сөз сөйлеу, жаңа қоғамдық ұйымдар мен клубтар қызметіне қатысу сияқты іс-әрекетгерді қатысудың дәстүрлі емес түрі.

Үшінші бағыт өкілдері қатысуды автономиялық және жүмылдырушы түрлерге жіктейді. Автономиялық қатысу - сайланбалы саясаткерлер ұстанымы мен қызметіне ықпал етуді ұйымдастыруды мақсат тұтатын азаматтардың саналы іс-әрекеттері. Жұмылдырушы қатысу саяси емес факторлар көмегімен іс-әрекетке мәжбүрлеуді білдіреді. Азаматтарды саяси жүмылдыру мәселесінде зерттеуші Д.В.Гончаровтың көзқарастары көңіл аударарлық. Ол автономиялық және жұмылдырушы қатысу түрлерінің негізінде аралас саяси қатысу түрінің қалыптасатындығын көрсетеді. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси қатысу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}