Саяси терроризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pentagon video security4.jpg
Пентагондегі терроризм көрісі

Саяси терроризм - [лат. terror - қорқыныш] - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Терроризм мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Терроризмге күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Терроризмнің психологиялық негізі - радикализм, экстремизм.

Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр. Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаосты туындату.

Терроризм субъектілері жеке тұлғалар, арнайы террористік ұйымдар және мемлекет болуы мүмкін. Террористік актілерді террористер өздерінің талап-тілектерін жеткізу үшін пайдаланады.

Терроризмді іс-жүзінде келесі түрлерге бөлуге болады: террор бейбіт және соғыс уақытындағы саяси күрес әдісі ретінде; жеке немесе ұйымдасқан террор мемлекеттік саясат ретінде; террор ішкі саяси күрес құралы ретінде; мемлекетаралық сипаттағы террористік актілер; халықаралық терроризм.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси терроризм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}