Саяси символдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси символдар - саясатқа көзге көрінетін мән беретін мағыналы құралдар жиынтығы. Саяси символдар саяси актінің негізгі мәнін мағыналы етіп қалыптастырады. Саяси символдар саяси мәні бар және саяси үрдіске қызмет көрсетуші әр түрлі белгілер жүйесінен құрылады. Мұндай символикалық белгілерге тән қасиеттер: олардың қысқалығы, түсініктілігі, бұқараның қабылдауын есептеу.

Саяси үрдісте негізгі символикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Тілдік символика саяси лексикондағы символикалық мәні бар сөздер мен түсініктерден тұрады. Мысалы, "мемлекет" сөзі ел, халық, билік символы, "жүйе" - саяси және қоғамдық қатынастар түрі, лауазым аты, билік түрінің символы және т.б.

Саясатта символдар әр түрлі сурет түрінде де кеңінен қолданылады: герб, плакаттар, көшбасшылар суреттері, т.б. Символикалық салт-жоралардың музыкалық бөлігінің ерекше саяси мәні бар. Саяси дәуірлер мен жүйелердің ауысуы саяси символдарды ауыстырудан басталады. Ескерткіштер ауыстырылады, көше, жер аттары өзгертіледі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси символдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}