Саяси реализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси реализм - қоғамдағы объективті жағдайға сай саяси курсты қалыптастыру және оны жүзеге асыру.Жағдайды объективті тұрғыдан саралап, күштердің арасалмағын есепке алып қарастыру арқылы саясатта қимыл жасау. Тек осы жағдай ғана мақсатқа жетуге мүмкіндік жасайды Саяси реализм келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

1) қоғамның экономикалық жағдайын қатаң есепке алу. Егер саясат экономикадан бөлінсе, онда ол нәтижесіз болады;
2) саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді бұқара халықтың қолдауы. Мұндай қолдау саясат халық мүддесін білдірген жағдайда ғана мүмкін;
3) саяси курсты жан-жақты ғылыми тұрғыдан негіздеу. Ол дәл осы курстың қажеттігін экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар дамуының объективті заңдарына, объективті және субъективті факторлар қарым-қатынасын, ел ішіндегі және халықаралық аренадағы саяси күштер ара салмағын бағалауға сүйене отырып негіздеу;
4) ғылыми негіздел¬ген саяси курсты дайындауға қабілетті және оны жүзеге асыруға басшылық жасай алатын кәшбасшының болуы.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}