Саяси иерархия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси иерархия - [грек, hierarhia; hieros - қасиетті, агһе - билік] - саяси психологиядағы жүйелік талдаудың әдістемелік (методологиялық) түсініктерінің бірі; күрделі көп деңгейлі жүйені құрылымдық үйымдастыру қағидаты, ол деңгейлер арасындағы өзара қарым-қатынасты жоғарыдан-төменге тәртібі бойынша реттейді. Сатылы құрылған жүйеде құрылымдық та, функционалдық да жіктеу болады: эр деңгей белгілі бір қызметтерді орындауға маманданады. Саясатта қоғамдық ұйымның жоғары деңгейінде әр түрлі топтар мүдделері тоғыстырылады, бүл саясаттың қызмет ретіндегі тірегі.

Иерархия ұғымын алғаш V ғ. ортасында Ареопагит христиандық шіркеуді ұйымдастыруды сипаттау үшін қолданған. Саясатта XIX ғ. ортасынан бастап пайдаланыла басталды. О.Конт пен Г.Спенсер оны феодалдық әлеуметтік-саяси жүйені сипаттау үшін пайдаланған. М.Вебер бюрократия түжырымында иерархияны түлғасыз, қатаң тәртіптілік және жауапкершілікті шектеу тән қоғамдық құрылыс ретінде қарастырған.

Саяси құбылыстарды талдауда иерархия түсінігі билік және басқару деңгейлері арасындағы функцияларды тікелей жіктеуді сипаттау үшін қолданылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси иерархия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}