Саяси жұмылдыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси жұмылдыру - қазіргі саяси зерттеулердің шеңберінде жүмылдырылған қатысудың әлеуметтік-саяси табиғатын түсіну мәселесінің маңызы ерекше. Көптеген батыс зерттеушілерінің ойынша, саяси жұмылдыруды саяси жетекшілердің немесе ұйымдардың тарапынан әсер ету болып табылатын белсенділіктің салдары ретінде қарастырған жөн. Мүндай белсенділік жеке түлғалардың еркін және саяси көзқарастарын бүрмалауға немесе басуға негізделген. Ал оған қарама-қарсы қойылатын автономды қатысу деп отырғанымыз - жеке түлғалардың саналы және әлдебір сыртқы факторлармен анықталмайтын өздерінің әлеуметтік-саяси ортасына қатысты түрақталуы.

Қатысудың осы екі түрінің қарама-қарсы қойылуы, ең алдымен, демократияның классикалық теориясынан бастау алатын құндылықты дәстүрге сүйенеді. Жүмылдырьшған қатысуды сынаудың екінші бір бағыты демократиялық саясатты құрылымдық-функционалдық талдаумен байланысты. Әлеуметтік-саяси жүмылдыру кез келген ұлттың қалыптасуы үшін қажет әлеуметтік-мәдени және институционалды контекст болып табылады. К.Дейчтің айтуы бойынша, әлеуметтік жүмылдыру - бүл дәстүрлі түрмыс түрінен жаңа түрмыс түріне көшу жағдайындағы жүрттардың басынан өтетін өзгерістердің жалпы процесінің атауы. Осы өзгерістердің барлығы саяси мінез-құлыққа елеулі ықпал етеді. Әлеуметтік-саяси жүмылдырудың мәнісі ретінде әлеуметтендірудің жаңа түрлеріне, әлеуметтік рөлдердің жаңа құрылымдарына, т.б. қол жеткізушілікті жатқызуға болады. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси жұмылдыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}