Саяси ерік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси ерік - саяси субъектінің рефлекстік, рухани және эмоциялық деңгейдегі өзінің қызметін реттеу қабілеті. Ерік ұғымы алғашқы кезде саяси субъектінің өз шешімі бойынша, бірақ оның тілегіне сай келмейтін іс-әрекетке баруын түсіндіру үшін қолданылды. Кейін адамның тілектер қақтығысы жағдайында еркін таңдау мүмкіндіктерін түсіндіру үшін пайдаланылды.

Саяси еріктің негізгі қызметтері

  • саяси қызмет мақсаттары мен себептерін тандау;
  • саяси әрекет себептері жеткілікті немесе жеткіліксіз болған жағдайда іс-әрекетке итермелеуді реттеу;
  • субъектімен жүзеге асырылатын интеллектуалдық және эмоциялық үрдістерді түсінікті саяси қызмет жүйесіне үйымдастыру;
  • қойылған саяси мақсаттарға қол жеткізу барысындағы кедергілерді жою үшін физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жүмылдыру.

Саяси еріктің болуы саяси іс-әрекетгі реттеуге мүмкіндік береді. Еріктік реттеуді қажетсінетін үш түрлі саяси жағдайды көрсетуге болады:

  1. саяси іс-әрекетке итермелейтін қажеттілік төмен болған жағдайда ұмтылушылық тапшылығын толтыру;
  2. қақтығыс жағдайында саяси іс-әрекет түрлерін, қажеттілік, мақсаттар мен құралдарын тандау;
  3. сыртқы және ішкі әрекеттерді және олармен байланысты интеллектуалдық, эмоциялық және рухани үрдістерді реттеу.

Саяси ерік - саяси қызметтің ажырамас құрамдас бөлігі. Сондықтан саяси ерік қазіргі әлемдегі өткір идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу факторы болып табылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси ерік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}