Саяси география

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси география - саяси үрдістердің кеңістік жағдайындағы аумақтық, экономикалық-географиялық, климаттық және т.б. табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейді. Саяси география географиялық түрге баса көңіл бөле отырып, оларға саяси түсініктеме береді, саяси аспектілеріне талдау жасайды.

Ғылыми әдебиетте саяси-географиялық зерттеулерді шартты түрде үш түрге бөледі:

жалпы әлем мен ірі аймақтардың саяси географиясы;
жеке елдердің саяси географиясы;
саяси тұрғыдан ерекше нақты аумақтардың саяси географиясы.

Саяси география жеке пән ретінде геосаясат бөлініп шыққан. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Саяси география салыстырмалы түрде кейiн пайда болған ғылым саласы, ол 18 ғасырдың соңына қарай дүние жүзi елдерiнiн ерекшелiктерi мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттейтiн ғылым ретiнде қалыптаса бастады. Саяси географиялық ғылым ретiнде негiзiн немiс ғалымы Фридрих Ратцель қалаған, оның осы салалары негiзi тұжырымдамалары 1897 жылы жарияланған "Саяси география" атты еңбегi жарық көрген. Қазiргi заманғы саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамуда Географтардың анықтамасы бойынша, саяси география геосаясат, географиялық мемлекеттану мен саяси аймақтану, аймақтың саясаттаяуды бiрiктiретiн ғылымның саласы. Саяси география саласындағы маман ғана елдiң әкімшілік-аумақтық бөлiнуi мен мемлекеттiк құрылымның сапасына мемлекеттiң бiртұтастығын сақтау тұрғысында баға бере алалы. Қазіргi кезде әсiресе саяси географияның құрамдас бөлiгi болып табылатын саясаттың ғылыми-қолданбалы маңызы артып отыр. Геосаясат терминін швед ғалымы Рудо́льф Че́ллен кез келген мемлекет нығайып, күшеюi , демографиялық, әлеуметтiк, әскери саясатты жүргiзумен қатар, геосаясатқа үлкен көңiл бөлуi қажет деп есеттеген. Ресейлік географтардың анықтауынша, геосаясат — көлемдi билеудiң ғылымы, ол ғаламдық мәселелердi шешуде қандай шешiмдер қабылдау қажет екендiгiне жауап бередi. I’еосаясат мемлекеттердiң сыртқы саясат пен олардың бiр-бiрiмен қарым қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара қатынастар тұрғысынан зерттейдi <ref>http://kaz2.docdat.com/docs/index-151156.html?page=7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси география|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}