Саяси алдап-арбау әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси алдап-арбау әдістері - адам санасына нақты әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік аңыздарды енгізу. Саяси алдап-арбау әдістеріне фактілерді алмастыру, тиімсіз ақпаратты айтпай қалу, өтірік пен өсек тарату, ақиқатты жартылай айту (аудиторияның сеніміне кіру үшін мәні аз фактілерге көп көңіл бөлініп, жан-жақты айтылады да маңызды жағы айтылмай қалады), ярлыктар тағу (дәлелсіз "фашист", "ұлтшыл", "шовинист" деген сияқты) жатады.

Саяси алдап-арбауда бұқаралық психология заңдылықтары тиімді пайдаланылады. Мысалы, "үндемеу спиралі", яғни, қолдан жасалған қоғамдық пікірге түрғындардың басым көпшілігін сендіру. Саяси алдап-арбау тек авторитарлық және тоталитарлық тәртіптерге ғана емес, бүл құралды қазіргі кезеңде демократиялық мемлекеттердегі партиялық насихат пен сайлау науқанында кеңінен қолданып отыр.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси алдап-арбау әдістері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}