Сахабиден Елубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сахабиден Елубаев (10 сәуір 1924 жылы туған, Қожамжар ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы – 1993 ж., Қызылорда қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1982), профессор (1985).

Қазақ КСР-інің және КСРО Білім беру ісінің үздігі. ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Новосибирск қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі Математика институты мен Есептеу орталығында аспирант (1961–1962), кейін аға ғылыми қызметкер (1971–1973), Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы (1951–1961), мұғалімдер институты директорының орынбасары (1952–1953), осы институтта кафедра меңгерушісі (1963–1971), проректоры (1973–1986; 1986 жылдан) қызметтерін атқарған.

«О некоторых обратных задачах для гиперболических и параболических уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты гиперболалық және параболалық теңдеулер үшін кері есептер тақырыбына арналған. Елубаев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.korkyt.kz/fm_mat.htm

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сахабиден Елубаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}