Сафаржан Хайдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сафаржан Хайдаров (1924-1972) - жазушы.

Қазақстан Компартиясы ОК-ті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1952). Қостанай облысы Семиозер ауданы газетінің редакциясында жауапты хатшы, облыстық "Большевиктік жол" газетінің редакциясында жауапты хатшы, 1952 - 1955 ж. облыстық "Коммунизм жолы" газетінің редакторы болып жүмыс істеген. 1957 - 1959 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-ті Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, 1959 - 1962 ж. республикалық "Қазақстан коммунисі" журналы редакциясының редколлегия мүшесі және жауапты хатшы, 1962 - 1965 ж. "Тың өлкесі" газетінің редакторы, 1966 - 1972 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-тінің нұсқаушысы, "Социалистік Қазақстан" газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 1967 ж. "Азамат келбеті", 1971 ж. "Азамат сыры" очерктер жинағы жарық көрген. Араб жазушысы М.Таймұрдың әңгімелерін, жазушы Б.Бхаттачарияның романын, түрік жазушысы Ф.Эрдинчтің "Алланың айуандары" әңгімелер жинағын, орыс жазушылары Николай Семенович Тихоновтың, Алексеевтің, Панованың әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальмен және грамоталармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}