Сатыбалды Қажымұратұлы Құлбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1949 жылы 16 наурызда Башқұртстанның Андреевка хуторында дүниеге келген. Кескіндемеші. Мектепте біраз жылдар тәрбиеші, мұғалім болып істегеннен кейін 1978-1983 жылдарда А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтының жаңадан ашылған көркемсурет-графика факультетінде оқиды. Бітіргеннен кейін бірер жыл мектеп мұғалімі болып істеген оны арнайы институтқа оқытушылық қызметке шақырды. 1985 жылдан күні бүгінге дейін М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да (бұрынғы Орал пединституты) «бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі», «кескіндеме», «композиция», «мүсіндеу» пәндерінен дәріс беріп келеді. С.Қ.Кұлбеков-қалальіқ, облыстық сурет көрмелеріне қатысқан. Шығармаларын негізінен кескіндеме бағытында, пейзаж жанрында жазады. Суретші ылғи да табиғат аясында болғанды жаны сүйеді. Содан болса керек, қоршаған әлемнің әсем-сүлу көріністерін қылқаламмен кенеп бетіне түсіреді. С.Кұлбековтың шынайы табиғат көріністерінен терең пәлсафа байқалмаса да, поэзия бар, адамның табиғатқа етенелігі көрінеді. Суретші өлке тарихына қатысты аңыз-әңгімелерді жақсы біледі, археологиялық жәдігерлерді жинақтаушы.

Әдебиет

Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 104б.