Сарыхан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарыхан (орыс деректерінде Шарукан)- Дон өзенінің жағасына қоныс тепкен қыпшақ тайпасының ханы. Әкесі Әсен хан, атасы әйгілі Құнан Әбыз. Сарыханның туған жылы белгісіз, шамамамен XI-XII ғасырларда өмір сүрген. Ол өзі ел бастап көшкенде және жорық кезінде ақыл-парасатымен көзге түскен. Сары хан қыпшақтарды 40 жылдай (1068-1107) басқарып, шашырап жүрген ұсақ ру-тайпаларды біріктіре білген. Жалпы, Сары ханның әулеті 150 жылдай билік жүргізген. Өздерін шығу тегі бойынша, «айдаhардан» таратып, «айдаhарға» табынатын кимек тайпасынан шыққан. Сондықтан оларды көрші тайпалар «ұранқайлықтар» деп жиі атайтын болған. Сары хан көршілес орыс князьдерімен жақсы қарым-қатынас жасаған. Бірақ, бірін-бірі күндеген орыс князьдерінен мезі болған Сары хан, 12 мың қол жинап, 1068 жылы Киевке аттанады. Мұздай қаруланған қыпшақ әскерінен қорыққан Киев князінің жасағы тым-тырақай қашып кетеді. Ол Киев қаласын алса да, өзінің даладағы өміріне қайта оралады. 1105 жылы Сары хан Бунақ ханмен бірігіп, Переяславльге қарсы соғыс ашып, Тұғырыл ханның кегін қайтаруды көздейді. Ұрыс алдында барлық әскерін жиып, оларға демалуға бұйрық береді. Осы жәйтті қыпшақ арасында жүрген қаны түркі, ал діні иудей бедекші Русь тыңшысына жеткізеді. Орыс әскерлері ұрымтал тұсты пайдаланып кетіп, Лубна деген жерде демалып жатқан қыпшақ әскеріне бас салады. Ұрыс тәсілдерін жетік қолдана білген Сары хан мен Бунақ батырдың арсында Мономах әскерінің шабуылы тойтарылады. Араға бір жыл сала екі жақ, 1107 жылы қайта қырқысты. Осы шайқаста Сары хан да, Бунақ та қаза тапты.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сарыхан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}