Сарымалай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарымалай(шын аты – Садық; 1835 – 1885) – қазақтың халық композиторы, сыбызғышы. Сарымалай халық күйлерін шебер орындаумен қатар өз жанынан Қара жорға, Нар идірген, Бұлбұл, Жорға аю, Шал бүркіт, Ақ қабанның толқыны, т.б. күйлер шығарған.

Сарымалай (Сыдық) (1835, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы1885, сонда) — халық композиторы, сыбызғышы. Жасынан жоқшылықтың тауқыметін көріп, мал соңында жүргеннен “сары малай” атанған. Сарымалай сыбызғыны алғаш әкесінен үйренген. Кейін Сабыр есімді сыбызғышыдан шеберлігін шыңдаған. Ол осы аспапта халық күйлерін шебер орындаумен қатар, өз жанынан күй де шығарған. Сарымалайдың шығармалары Бат. Қазақстан, Орынбор қазақтары мен башқұрт ұлты арасында кең насихатталған. Сарымалайдың шығармасын осы заманға жеткізген Ы.Уәлиев саналады. Сарымалайдың ол орындаған бірқатар күйлерін 1936 жылы Б.Ерзакович жазып алған. Сарымалайдың нотаға түсірілген “Қара жорға”, “Қоңыр”, “Шоңай”, “Ақсақ қой”, “Балжыңкер”, “Боз інген”, “Желмая”, “Жетім бала” күйлері әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Сарымалай сыбызғыда күй шығарудың құрылымын жетілдіріп, 3 тесікті аспаптың ойығын 6-ға жеткізген. Осы негізде қарапайым аспаптың дыбыс ауқымы кеңейіп, үн байлығы молайып, диапазоны арта түскен. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}