Сарбас Майкөтұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарбас Майкөтұлы (1846, Қордай ауданы Мәтібұлақ маңы – 1914, сонда) – айтыскер ақын. Ол Ұлы жүз ақындарының ұстазы іспетті болған. Қабан жыраудың жиені, Жетісу атырабына аты мәшһүр Кебекбай шешеннің жақын туысы. Ақындық қуаты жағынан Сарбас өз тұсындағы майталман сөз шеберлерінің көбінен басым болған. Оның өлеңдері өткір, батылдығымен қатар өрнек-айшығымен де, тапқырлық-ұтқырлығымен де ерекшеленген. «Сарбас ақынның байларды мазақтауы», «Сарбастың сайлау туралы айтқаны», «Сарбастың өлердегі қоштасуы» сияқты шығармалары соны дәлелдейді. Бізге оның Қуандық ақынмен, қырғыз ақыны Қалмырзамен, Жамбылмен айтысы жеткен. қырғыз ақыны Қалмырза мен Сарбас айтысы жұмбақ айтыс түрінде өткен. Айтыс Сарбастың жеңісімен аяқталған. Оның Жамбылмен айтысы 1895 жылы Верныйда (Алматы) өткен. Сарбас ұрпақтары Отар бекетінде тұрады.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сарбас Майкөтұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}