Сара Ыдырысқызы Көшербаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сара Ыдырысқызы Көшербаева (6.2.1933, Алматы – 24.1.1999, сонда) – балет артисі, педагог. Қазақ КСР-інің халық артисі (1966); 1958 жылдан Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі.

Өмірбаяны

1952 жылы Алматы хореография училищесін (А.В. Селезневтің класы бойынша), одан кейін 1954 жылы қазіргі Санкт-Петербургтің орыс балет академиясының мамандығын жетілдіру класын (В.С. Костровицкой, Н.А. Камкованың класы бойынша) бітірді. 1954 жылдан Абай атындағы Қазақ академия опера және балет театрының балет труппасында соло-биші, ал 1975 – 86 жылдары Алматы хореографиялық училищесінің директоры әрі педагогі болды. 1955 жылы алғаш рет Р.М. Глиэрдің “Мыс салт атты” балетінде Параша партиясын биледі. Билеген партиялары: Раймонда (А.К. Глазуновтың осы аттас балетінде), Одетта-Одиллия, Аврора (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”), Сүйімбике (Ф.З. Яруллиннің “Шуралесінде”), Китри, Никия (Л.Ф. Минкустың “Дон Кихоты” мен “Баядеркасында”), Мария (Б.В. Асафьевтің “Бақшасарай фонтанында”), Назым (В.В. Великановтың “Қамбар – Назымында”), Жизель (А.Ш. Аданның осы аттас балетінде), Шырын (А.Д. Меликовтың “Махаббат жайлы аңызында”), Баян (Е.Г. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында” ), Эгина (А.И. Хачатурянның “Спартагында”). Сондай-ақ Н.А. Тілендиев, Л.Б. Степанов пен Е.В. Манаевтың “Достық жолымен” (Құралай), Ғ.А. Жұбанованың “Хиросима” (Судзи), М.Р. Раухвергердің “Шолпан” (Шолпан), Қ.Х. Қожамияровтың “Чин-Томур” (Махтум) атты балеттерінде басты партияларды орындады. Бишілік өнері әсем де мәнерлі қимылымен, үздік би техникасымен ерекшеленеді. Жеке концерттік нөмірлерге де (биін қоюшылар – Қазақ КСР-інің халық артистері З.М. Райбаев пен Б.Ғ.Аюханов) қатысып биледі. Бишілер тобының құрамымен Германияда, Венгрияда, Моңғолияда, т.б. елдерде өнер көрсетті.

Марапаттары

Мәскеуде өткен Бүкілодақтық классик. билер байқауының лауреаты (1957). 2 рет Еңбек Қызыл Ту (3.1. 1959, 2.07.1971) және “Халықтар достығы” (17.6.1981) ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті