Сара Ищанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ищанова Сара

Үлгі:Infobox Biography Сара 5.18.1960 жылы Алматыда туды.Сара Алматының пионерлер сарайындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне 5 жасынан қатыса бастады, мектеп қабырғасында оқыған жылдарда әнші атала бастады.18 жасында Сара Абай атындағы ҚМАОБ театры жанындағы студияға қабылданды. Оған ұстаздықты Бибігүл Төлегенова атқарды. Осы студияда 2 жыл оқығасын театр басшылары оны 1981 жылы Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясында әншілік өнерін классикалық дәрежеде қалыптастыруына жолдама берді.Сараның консерваториядағы ұстазы, үлкен театрдың әншісі Ирина Константиновна Архипова. Консерваторияда білім алған соңғы жылдары Мәскеуде жұмысқа қалу мүмкіншілігі туды. Бірақ ұстазы – КСРО халық әртісі И.К. Архипова: «Сара, сен Алматыда өз халқыңның опера әншісі болуың керек»,– деп ақыл берді. Алматы опера және балет театрында алғашқы атқарған партиясы П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегиндегі» Ольга рөлі, оған Римский – Корсаковтың «Патша қалыңдығындағы» Любаша рөлі жалғасты.Сара Ищанова қысқа мерзім ішінде Алматы опера және балет театрының прима-солисіне айналды. Оның опералық серіктестері – Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, С.Байсұлтанов, Стригубенко. Олардың бәрімен де Сара аса тиімді үндестікпен, шеберлікпен опера партияларын орындады. Қандай опералық партияларды алып қарасақта, кейіпкер рөліне терең бойлап, көрермендердің көңілін толық қанағаттандыра алды. 1993 жылы Алматыда П.И. Чайковский шығармаларына арналған Кеңес Одағы өнерпаздарының фестивалі атқарылды. Бұл жолы Сара Ищанова музыка өнерін сынаушылардың көзіне ұнамды ілінді. Ол П.И. Чайковский, Джузеппе Верди, Жорж Бизе үшеуінің опералық партияларын айырықша қалайды. Соларда кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашуда терең бойлайды, кейіпкермен әртіс біріккендей сезім тудырады. Ол қандайда кейіпкер рөлінде де осындай дәрежеге көтерілді, көрермендерді өзі атқарып тұрған рөлге сендіре алады. Оның шеберлік әншілік қасиеті әр партияда жаңа қырынан көрініп, қайталанбас мөлшерде көтерілгендігі айқындалды

Сара Ищановаға опера өнеріндегі атқарған еңбектері үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.<ref>Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сара Ищанова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}