Сапабек Есіпұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сапабек Есіпұлы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1925 жылы 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын он екі жасыңда шығырға құлақты болудан бастады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шүғылданды: Қостанай облыстық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» — «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 19651967 жылдары Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, Бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген.

Шығармалары

«Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт, қалжыраған халық» (1998), «Танталовы муки степи» (2001) кітаптары бар.

Жетістіктері

«Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}