Санжар мен Қайсар телехикаясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фильм аты: Санжар мен Қайсар

Шыққан жылы: 2013

Жанр: Комедия, Сериал

Рөлдерде: ӘБДІНӘБИЕВА Ғазиза, Аружан Жазылбекова, ҚАЖЫНӘБИЕВА Баян Алысқызы, ТИНБАЕВ Жанат Алтайұлы, Мақажан Мерей Тимурқызы, Байжан Еркежан Дәуренқызы, Көпберген Жасұлан Ерболұлы, Есболған Нұрдаулет Нұғманұлы, Жұмабай Абылай Оразұлы,

Суреттеме: «Санжар мен Қайсар» - балаларға арналған отандық тұңғыш телехикая. Телесериал өмір жайында өз түсінік-пайымы қалыптасқан Санжар мен Қайсар есімді мейірімді, өткір де өжет ағайындылар туралы. Санжар – оқымысты, білімдар болса, Қайсар – топ бастайтын мінезді бала. Екеуін ортақтастыратын қасиет – жаңалыққа құштарлығы, еркіндігі әрі еркелігі. Ағайындылар әр серия сайын қызықты, тіпті, таңғажайып оқиғаларға тап болады. Оқиғаның қызығы да – олардың осы шырғалаңнан қалай құтылып шығатындығында. Олар бірде Айдаһардың тілін тапса, бірде «Алтын киімді адамның» жоғалған жәдігеріне кез болады. Бірде қалың орманда адасып жол тапса, бірде өзгеғаламшарлықтардың сырын аша жаздайды. Олар өз қателіктерінен әрдайым лайықты қорытынды шығарып, көрерменге ой салады. Балалар арасында танымал туындыға айналған «Санжар мен Қайсар» телехикаясының жаңа маусымы – жеткіншектердің жазғы демалысына арналады. Жазғы демалыс балалар үшін шат-шадыман шақ. Балалықтың бал қызықтары осы кезде өтеді. Телехикаяның басты кейіпкерлері Санжар мен Қайсар да жазғы демалыста ауылға барады. Олар ауыл өмірінің сырын ашып, ауылға деген зор сүйіспеншілікпен қалаға оралады. Қалада да қызықтар таусылмақ емес. Кейіпкерлеріміз өздерінің қарым-қабілетін дамытатын сүйікті хоббилерімен айналысады. Спортпен жүйелі түрде шұғылдана бастайды. Сол арқылы телехикаяны үзбей көретін балғындарды салауатты өмірге баулып, бүгінгі қазақ баласының бейнесін айшықтай түседі. «Санжар ман Қайсар» телехикаясы бүгінгі қазақ балаларының болмыс-бітімін, мінез-құлқын көрсетуімен құнды. Санжар мен Қайсар – қазақтың әр баласына ұқсайды.

Дереккөздер

<references/>

1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17