Салық саясаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Fiscal policy.png
Салық және үкімет қаражаттары

Салық саясатымемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін. Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси, экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref> <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Салық саясаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}