Сайлаубай Есжанұлы Тойлыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

<ref>Сайлаубай Тойлыбаев, "Мөлдір махаббат" өлеңдер жинағы. - 2014 жыл.</ref> Үлгі:Тұлға Сайлаубай Есжанұлы Тойлыбаев - 1951 жылдың 8 мамырында Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетісу ауылында дүниеге келген. Осы жердегі орта мектептің он жылдығын 1968 жылы бітіріп, 1969-1971 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келген. 1972 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шыққан. Одан «Қайнар» баспасында бас редактор, «Кітап жыршысы» газетінде аға редактор болып өзінің қаламын ұштай түскен.

1997 жылдан 1996 жылға дейін «Қазақ мұнай өнімдері» концерні Президентінің көмекшісі болып қызмет атқарған. Алғаш өлең жазуды 1962 жылы 5 сыныпта оқып жүріп бастаған. Оның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, кейіннен республикалық газет-журналдарда жарияланып отырған. Оның «Жыл он екі ай» журналы 1983 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қарлығаш» жас ақындар жинағына бір топ өлеңдері енген. 1987 жылы «Жалын» баспасынан «Біздің Талғат» деп аталған балаларға арналған кітабы жарық көрген.

Соңғы 5-6 жылдың көлемінде әннің мәтінінне арнап өлеңдер жазып келеді. Сазгерлер Мұратқан Егінбаев, Мақпал Жүнісова, Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлова, Әнуар Бекжанов, Дариға Тіленді келіні, Мақсат Жәутіков, Мүбәрак Салықов, Ғалымжан Тамендеров, Дүйсенхан Сыздықов, әнші-сазгер Гүлнұр Өмірбаевалар «Үркер ауып барады», 2011 жылы «Алатау» баспасынан «Өмірімнің бәрі өлең» деген өлеңдер, поэмаларжинағы жарық көрген.

Жетістіктері

  • Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналисттер одағының мүшесі.
  • Алматы облысы, Ескелді ауданынының «Құрметті азаматы».
  • Бүгінде Қазақ радиосында редактор болып қызмет атқарады.
  • «Бөбек» қорының балаларға арналған Республикалық конкурсының поэзия номинациясы бойынша жүлдегері.
  • «Жаңа ғасырға – жаңа ән!» жабық конкурсында «Қыздар, қыздар» әні жеңімпаз атанған.
  • Ұлы Абайдың туған күні мен Қазақстандағы Пушкин жылына арналған дәстүрлі «Абай оқулары» Алматы қалалық мүшеәйрасының арнайы жүлдегері.

Отбасысы

1974 жылы сыныптас Құралай Карибаевамен алғаш тұрмыс құрған. Қазіргі кезде екі қызы бар: Назгүл мен Шынар. Үлкен қызынан екі немере сүйіп отыр.

Дереккөздер

<references/>