Садовяну Михаил

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Садовяну Михаил

Садовяну Михаил (5. 11. 1880, Пашкани, – 19. 10. 1961, Бухарест) – румын жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Румын академиясының мүшесі (1921). РХР-дің Соц. Еңбек Ері (1955). Румын Жазушылыр қоғамын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш председателі (1909-11).

Еңбек жолы

1904 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы шықты, Ол "Преку атайдың асханасы" (1904), "Сәбидің моласы" (1906), "Ілгерідегі бір оқиға" (1906), "Жертөленің тұрғындары" (1912), "Усойқы" (1912) т.б. жинақтарында шаруалар тұрмысын суреттеді. Оның "Анкуцы қонақ жайлы (1928, 1954 ж. орыс тілінде), "Митря Кокор" (1949 1950 ж. Бейбітшілік алтын медалын алды) повесті мен "Айбалта" романында да халық тұрмысы кеңінен бейнеленген. Садовянудың "Лэпушняну көшесі. 1917 жыл хроникасы" романы мен "Жарық шығыстан келеді" атты жинағында Совет Одағы жайлы шабыттана жазды. Ол "Халықтар арасында бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Халықаралық Левиндік сыйлықтың лауреаты, Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік Советінің мүшесі. Садовянудың "Митря Кокор", "Гүлді арал" повестері қазақ тілінде шықты. <ref>Қазақ совет энцеклопедиясы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер