Сабыр Айтхожин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала 

Үлгі:Уики Үлгі:Инфобокс қажет Сабыр Айтхожин (29.3.1895,бұрынғы Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі -19.2.1938, Шымкент қаласы) — тұңғыш қазақ журналистерінің бірі. 1919жылы Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесін бітірген соң, Көкшетау, Омбы, Орынбор қалаларындағы халыққа білім беру бөлімдерінде нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1920ж. Мәскеуде өткен бүкілресейлік ұлттық съезінің жұмысына қатысты. Омбыда "Кедей сөзі" газетінде редактор; 1921-22 ж. РКП Ақмола уездік к-тінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1922-25 ж. Петропавлда губ. "Бостандық туы" газетінің ред. алқасын басқарады. 1925 жылғы қаңтарда Орынбор қаласында өткен Кеңестердің 4 Бүкілқырғыздық съезіне делегат болды. 1925 жылдан Алматыда тұрып, еңбек етті өлкелік к-ттің тапсыруымен губ. "Тілші" ("Жетісу") газетінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. "Қосшы" одағының төрағасы қызметін қоса атқарды. БКП Жетісу губкомының бюро мүшелігіне сайланды, өлкелік 4 партия конференциясының делегаты. 1927 ж. ҚазАКСР Кеңестері 4 съезінің делегаты, Қаз ОАК мүшелігіне кандидат болып сайланды. 1931ж Қаз АКСР Халком Кеңесінде жауапты хатшы, одан кейін іс басқарушысы қызметінде болды. 1935ж. Қаз АКСР-дің 15. жылдығына арналған ҚазОАК мерекелік сессиясының делегаты. 1936ж.Айтхожин Мирзоян қ-да (қазір Тараз қ.) аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып жүріп, 1937ж. қазанда тұтқындалды. 1938ж. 19 ақпанда атылды. 1957 ж. ақталды<ref>"Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы" 2006ж</ref>.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бастама