Рәтбек қажы Нысанбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рәтбек қажы Нысанбайұлы (14 қараша 1940 жыл, Сарыағаш ауданы – көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым.

Өмірбаяны

  • Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген (1964).
  • Шетелде Ливия университетінде діни білім алған (1975).
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990).
  • Қазақстан халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі.
  • І және ІІ құрылтайларда бірауыздан сайланған (1990-1992).
  • Ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейді, Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
  • Қазіргі уақытта Есік қалалық мешітінің бас имамы.<ref>Мүбәрәк мереке</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}