Рәбиға Есімжанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Рәбиға Есімжанова (5.1. 1914, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 3.7.1986, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1967; 1959 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).

Өнер жолын Семей облысы музыкалы драма театрында драма артисі ретінде бастаған. Кейін Қарағанды, Алматы театрлары (1931 — 46) труппасында қызмет етіп, Еңлік, Айман (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Айман — Шолпанында”), Жібек (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. 1946 — 60 жылдары Қазақ радиосының, 1960 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерттің”әншісі болды. Ол, негізінен, қазақтың халық әндері мен халық композиторларының әндерін (“Әупілдек”, “Әпитөк”, “Гауһартас”, “Жалғыз арша”, “Жонып алды”, “Ләйлім”, “Құдаша”, “Маңмаңгер”, т.б.), сондай-ақ, С.Кәрімбаев, Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындап, халық арасында насихаттады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}