Рүстем Есімханұлы Қайдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рүстем Есімханұлы Қайдаров (1940 ж. 18-мамырда Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында туған) - «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті, Профессор (1998). РЖҒА корреспондент мүшесі (2001), ХАА академигі (2002). Милиция генерал-майоры (1990), әділет генерал-майоры (1995).

  • 1970 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, заңгер.
  • 1956-61 жж. - Семей ауыл шаруашылығын механизациялау училищесінде жүкші, электркесуші, тракторшы, мастер.
  • 1961-64жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.
  • 1964-66 жж. - ауылдық ПТУ мастері, директорының көмекшісі.
  • 1966-76 жж. - Семей облысы атқару комитеті ІІБ оперативтік уәкілі, тергеушісі, аға тергеушісі, Семей қаласы милиция бастығының орынбасары, Киров АІІБ бастығы, облысы атқару комитетінің ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1976-80 жж. - облысы партия комитетінің нұсқаушысы.
  • 1980-82 жж. - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы.
  • 1982-85 жж. - Семей облысы атқару комитеті ІІБ бастығының орынбасары.
  • 1985-90 жж. - Жезқазған облысы атқару комитеті ІІБ бастығы.
  • 1990-92 жж. - КСРО ІІМ-нің Қазақстан және Қырзызстан бойынша ұйымдасқан қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақаралық басқармасының бастығы.
  • 1992-95 жж. - ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - бас тергеу басқармасының бастығы.
  • 1995-96 жж. - ҚР МТК төрағасының 1-ші орынбасары.
  • 1996-97 жж. - ҚР МТК Жоғары тергеу мектебінің кафедра бастығы.
  • 1997-99 жж. - ҚазМЗУ кафедра меңгерушісі.
  • 1999 жылдан - «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті.

Қоғамдық қызметі

Марапаттары

  • «Парасат» орденімен (2006)
  • КСРО, ҚР және РФ-ның 19 мемлекеттік медалімен марапатталған.
  • КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}