Роза Әшірбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Роза Әшірбекова (15 сәуір 1938 жыл, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қазгородок ауылы) — қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы. Қазақстанның халық әртісі. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.

Жалпы мәлімметтер

Академиялық драма театры жанындағы студияны бітірген (1960). Сол жылы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. Сахнада алғаш жасаған образы — жылы Жұмаханов пен Б. Тәжібаевтың “Қарагөз қарындасым” спектакліндегі Анна. Осы театр сахнасында ол сомдаған Ләззат (Т. Ахтановтың “Махаббат мұңында”), Хадиша, Сейде (Ш. Айтматовтың “Арманым Әселімі” мен “Бетпе-бетінде”), Шафақ (М. Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Мәншүк (Ә. Тәжібаевтың “Монологтарында”), Дариға (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”), Ұлбала (Шота Уәлихановтың “Тағдырында”), Ақбөпе (С. Жүнісовтың “Қос Анарында”), Гертруда (У. Шекспирдің “Гамлетінде”), Гиацинта (Мольердің “Скапеннің айласында”), Иветта (Б. Брехтің “Әйдік апайында”), Аркадина (А. Чеховтың “Шағаласында”), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”) сияқты рөлдер Ә-нің шеберлігін жан-жақты танытқан, Қазақ сахна өнері тарихынан өзіндік орын алған бейнелер.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Марапаттары

  • 1970 «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі»
  • 1991 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді.
  • 2005 жылы президент жарлығымен «Құрмет ордені»мен марапатталды.
  • 2015 жылы «ҚР конститутциясына – 20 жыл» медальі;
  • 2016 жылы «ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл» медальі;
  • Қазақстанның «Еңбек ардагері» медальінің иегері;
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мәдениет пен өнер саласындағы президенттік степендиясының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Роза Әшірбекова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}