Роза Қалманбайқызы Ниязбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Роза Қалманбайқызы Ниязбекова (1952 жылы туған, Төле би ауданы Сұлтанрабат ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). Қазақ химия-технология институтын бітірген (1974). 1976–78 жылдары сол оқу орнында оқытушы, 1978–83 жылдары Мәскеу басқару академиясының аспиранты әрі ҚазХТИ-дың аға оқытушысы, 1983–96 жылдары сол жерде өндіріс экономикасын ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасының доценті, меңгерушісі, инженер-экон. факультетінің деканы болып қызмет еткен. 1996 жылы ОҚТУ профессоры, ал 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан гуманититарлық униветситетінде экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі. Оның жетекшілігімен 8 кандидаттық диссертация қорғалған. Роза Қалманбайқызы Ниязбекова «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» журналының «Экономика» сериясы бойынша редакторы, Тараз мемлекеттік университеті мен Қарағанды мемлекеттік университетіндегі диссертациялық кеңестің мүшесі. 6 монографиялық, 150-ге жуық ғылыми әдістемелік еңбектің авторы.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Шығармашылығы:

  • Актуальные эколого-экономические проблемы в природопользовании, А., 1993;
  • Экономические и технические аспекты комплексного использования материально-сырьевых ресурсов, А., 1994;
  • Основы экономики природопользования, Учебное пособие, А., 1994.

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Роза Қалманбайқызы Ниязбекова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}