Республика Сарайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Республика СарайыАлматы қаласында орналасқан мәдени орталық ғимараты. Аумағы 10 мың м² 3 мың орынды көрермендер залы бар. Сахнасының ені 48 м, төрі 18 м. В.Лениннің 100 жылдығы қарсаңында ашылған Республика сарайына кеңестік компартия көсемінің есімі берілді. Ал оның сәулетшілері - В. Алле, В. Ким, Ю. Ратушный, Н. Рипинский, А. Соколов, Л. Ухоботов және тағы басқалары 1971 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Республика Сарайы Алматыдағы Абай даңғылын тұйықтай орналасқан. Төңірегіне ірі ғимараттар шоғырланып, Абай алаңы архит. ансамблін құрайды. Оның көлемдік композиция құрылымы 8 темір-бетон тірекке иек артқан алып қайқы шатырдан және астыңғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің тас баспалдақ арқылы ғимарат алдындағы серуен алаңымен жалғасуы перспективалық ұласымдылық туғызады. Р. с-ның негізгі композиц. кіндігіне 3 мың орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас амфитеатр түрінде шешім тапқан. Сахнасы (ені 48 м, төрі 18 м) және залы күрделі инж. тетіктермен жабдықталған. Іабырғаларының төбемен ұласар жері ашық қалдырылғандықтан, шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Еңселі фойе (биікт. 13 м) төбесіндегі ақшаңқан шамдар интерьерді көріктендіре түседі. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен суы ауаны тазартып тұратын қосымша желдеткішке айналған. Р. с-ның экстерьері мен интерьерінде ақ мәрмәр, ағаштың бағалы түрлері, Маңғыстау ұлутасы, алюминий құйма пайдаланылды.

Бүгінгі күн

40 жыл бойы бірде-бір рет күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген бұл нысан республикадағы ең үлкен сарай болатын. 3 мың көрерменге арналған мәдениет нысанында ең ірі республикалық конгрестер, конференциялар, салтанат кештері мен концерттер өтетін. Енді Қазақстан тәуелсіздігіне 20 болуына қарсы жалғастыратын болады. Әйгілі мәдениет нысанының қазіргі таңда қабырғалары мен іргетасының сейсмикалық беріктігі нығайтылып, ғимараттың ішкі құрылысы жүргізілуде. Қабырғаларды, баспалдақтарды граниттеу, қабырғалар мен төбелерді декоративті әрлеу, орындықтарды монтаждау жұмысы да талапқа сай жүруде, Нысанның айналасын абаттандыру жұмысы 10 қазанда аяқталады. Бүгінгі таңда қоршауларды, атриумдарды, металл конструкциялары мен жарық көздерін монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Көрермен залындағы жұмыстар 25 қарашада, ал сахнаның жоғары механикасы 28 қарашада аяқталып, пайдалануға берілмек. <ref>Республика сарайы маңын абаттандыру жұмысы 10 қазанда аяқталады</ref>

Дереккөздер

  • Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

<references/>