Республикалық оқушылар сарайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Республикалық оқушылар сарайыоқушылар мен жастарға мектептен тыс қосымша білім беретін оқу-әдістемелік орталық.

  • 1983 жылы Республикалық пионерлер сарайы болып ашылған.
  • 1996 жылы “Республикалық оқушылар сарайы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды. Орталықта 212 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 106 педагог 272 үйірмеде балаларға қосымша білім береді. Үйірме, клуб, секцияларға 7000-нан астам бала қатысса, ауыспалы контингенте (концерт залы, планетарий, мұражай, су алабы, түрлі мерекелер мен іс-шаралар) 60000-нан астам бала қамтылады. Сарай кешені 12 павильоннан, 80-нен астам ғимараттан, 760 орындық концерт залынан тұрады. Бұған қоса орталық елдегі мектептен тыс ұйымдарды ортақ дидактикалық, бағдарламалық және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіп отырады. Мұнда әр түрлі саладағы әдіскерлер мен педагогтардың біліктілігін көтеру курстары мен семинарлар, тәжірибе алмасулар өтеді. Орталықтан “Планета детства” газеті шығады.

2004 жылғы 28 сәуірде мекеме атауы “Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы” болып өзгерді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005. ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}