Республикалық кітап мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Республикалық кітап мұражайы – мәдени мекеме.

Онда Қазақстанның ғылымы мен мәдени жетістіктерін насихаттайтын, кітап және полиграфия мәдениетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштерінің қоры сақталады. 1978 ж. ашылған. Мұражайдың6 залында республикадағы кітап шығару ісі мен осы заманғы баспа жұмысының қалыптасу және даму тарихы қамтылған. Мұражай экспонаттарының ішінде ғұлама ғалымдар Әбу Наср әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Х.Дулаттың, Қ.Жалайыридың, М.Қашқаридың сирек кездесетін еңбектерінің фото-көшірмелері ретімен орналастырылған. Сондай-ақ 17–19 ғ-ларда жарық көрген кітаптар арасында Ш.Ш.Уәлихановтың, Абайдың қайтыс болғаннан кейінгі жарық көрген басылымдары, тұңғыш жарық көрген әліппеден бастап, осы заманғы ғалымдар мен ақын-жазушылардың көп томдық шығармаларына дейін қойылған. Мұражайдың екі залы Қазақстандағы полиграфия және кітап басып шығару ісінің тарихына арналған. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі ғыл.-көмекші тех. құрал арқылы карта, схема, панорамаларды, диаграммаларды түрлі түсті жарықпен бейнелеп көрсетеді. Мұражай қорында 35 мың, оның ішінде сирек кездесетін 5 мың экспонат бар, олардың негізгі бөлігі кітаптардан, фотосуреттерден, көркем және ғыл. мәні бар материалдардан тұрады. «Дүние жүзінің мұражайлары» атты анықтама көрсеткіштің каталогына енгізілген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}