Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Rashid Tusipbekov.jpg
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (28 қаңтар, 1955, Шымкент) — Қазақстан Республикасының әділет министрі.

Қысқаша өмірбаяны

  • 1962 жылы Қарағанды қаласында тұрды, 1976 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді.
  • Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облысы атқару комитетінің өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
  • 1976 жылы тамыздан — 1981 жылы әскерден оралған соң Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны өте жақсы бағамен аяқтады.
  • Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды.
  • 1984—1993 жжылы Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды.
  • 1993—1999 жжылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды.
  • 1999 жылы сәуір айынанҚазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды.
  • 2000 жылы қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
  • 2000 жылы желтоқсанның 21-інде]Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
  • 2005 жылы желтоқсанның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды.
  • 2009 жылы сәуірдің 2-інде Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
  • 2012 жылы қаңтардың 21-інен Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.
  • 2014 жылғы тамыздың 11-інен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесiнiң төрағасы.
  • 2015 жылғы 26 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қосымша лауазымдар

  • «Закон и время» журналы редакция алқасының төрағасы

Марапаттары

Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін

Шендері

  • Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Түсіпбекова Күләш Аташқызы (1955 жылы туған).
  • Ұлдары - Түсіпбеков Жанат (1977 жылы туған), Түсіпбеков Мұрат (1980 жылы туған), Түсіпбеков Замир (1985 жылы туған), Төлеутай Нұраби (1991 жылы туған).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер