Рахмет Жанғазыұлы Жолаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахмет Жанғазыұлы Жолаев – ғалым, техника ғылымының доктуры (1962), профессор (1964), Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі (1961).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography

  • 1935 - Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген.
  • 1932 – 1935 жылдары - Орта Азия жоспарлау институтында, Орта Азия мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру институтында ғылым қызметкер,
  • 1935 – 45 жылдары - Шымкент, Алматы қалаларында оқытушы, ғылыми жұмыстарда болды.
  • 1945 – 56 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының Энергететик институтында зертхана меңгерушісі,
  • 1956 – 62 жылдары - осы институтта директордың ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары,
  • 1962 – 73 жылдары - Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының ректоры,
  • 1973 – 79 жылдары - Қазақ мемлекеттік су шығару, жобалау-зерттеу институтында (Казгипроводхоз) ғылыми кеңесші болып қызмет істеген.

Еңбектері

Жолаевтың негізгі ғылым зерттеулері гидротехникалық құрылыс және су шығару мәселелеріне арналған. Ол тау өзендерінен су тартқыш құрылғылардың тиімді түрлерін зерттеп, олардың Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның гидротехника құрылыстарында пайдаланылуына ұйытқы болды. Сондай-ақ, күріш егістігіне су жіберуді реттеу әдістерін ұсынды, суды бөлудің теориялық негіздерін зерттеді. Октябрь Революциясы, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}