Рахметқажы Іскендірұлы Берсімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев (8 наурыз 1947 жылы, Ресей, Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы, Жазатыр ауылында туған)биология ғылымының докторы (1986 жылы), профессор (1989 жылы), Қазақстан Ғылым Академияның академигі (2003 жылы).

Новосібір мемлекеттік университетін бітірген (1969 жылы). 1975–95 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, декан болды. 1995 жылдан Жалпы генетика және цитология институтының директоры, Еуразия ұлттық университетінің проректоры. Берсімбаевтың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар мен өсімдіктер геномының функционалдық құбылыстары заңдылығының молекулалық механизмдерін, гендік реттеуіш жүйелерді клеткалық және тіндік деңгейде зерттеуге арналған. Генетикалық тұрақсыздықтың, өсімдіктер генетикасының арнайы мәселелерін зерттеп, ген активтілігінің каскадтық жолмен реттелуін дәлелдеді. Дрозофила шыбынындағы мутацияның генетикалық тұрақсыздығын анықтады. Геномның клеткалық және молекулалық реттелу механизмін зерттеді. 1983–84 жылдары Лондон қаласындағы Ұлттық медицина ғылымы институтында, Ганновердегі медицина ғылыми-зерттеу ортасында (1988 жылы; 1991 жылы); Гейдельбергтегі Еуропалық молекула-биологиялық лабораториясында (1988 жылы) және Астон университетінде (1994 жылы) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. VI-інші және VIII-інші халықаралық генетикалық конгрестерде проблемалық ғылыми баяндамалар жасады (Пекин, 1998 жылы; Сеул, 1999 жылы). <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>


Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}