Рахметов Нұрлан Құсайынұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы.

1990-91 жж. - ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкері. 1991-96 жж. - Абай атындағы АМУ математикалық талдау кафедрасының аға оқытушысы. 1996-97 жж. - «Бутя» ЖШС экономисі, жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы. 1997-98 жж. - «Бутя» ЖШС қаржы директоры. 1998 ж. - «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының орынбасары. 1998-2001 жж. - ҚР МКМ кірісті талдау және болжау департаментінің директоры. 2001-02 жж. - ҚР мемлекеттік кіріс вице-министрі. 2002-03 жж. - ҚР қаржы вице-министрі. 2003-04 жж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының орынбасары, 1-ші орынбасары. 2004 ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). 9 ғылыми мақаланың авторы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

<References/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}